«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы аудан әкімі Нұрбол Ержановтың төрағалығымен 8.10.2021ж. өткен партияның аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысында талқыланды.
Отырысқа Саяси кеңес Бюросының және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі «Nur Otan» партиясы Алға аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық Қоғамдық кеңестердің жұмыстары, партияның аудандық филиалындағы істердің жай-күйі туралы партияның Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирлан Джалгаспаев пен ағымдағы жылдың 9 айында Алға ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы, оның ішінде орындалмау қауіпі бар іс-шараларды қарау туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Данагуль Аскарованың бандамасы тыңдалды.
Жалпы Алға ауданында Жол картасы аясында жыл басынан бері 19,9 мың ш. м. тұрғын үй салынып, 1,37 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Бағдарламаға сәйкес, өңірде 13 нысан ашылды. Оның ішінде мал бордақылау алаңы, жылыжай іске қосылды. Тек Алға қаласының өзінде бірнеше нысан - киім дүкені, мата дүкені, тамақтану орталықтары, сұлулық салоны салынып, пайдалануға берілді. Бүгінге күнге дейін Жол карталарының 47 көрсеткіші жүзеге асқан.
-Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңес идеялар мен пікірлер тоғысатын, өзекті мәселелер көтерілетін алаңға айналды. Бағдарламалар мен жоспарлардың сапалы орындалуын бақылап, керек кезінде атқарушы органдарға маңызды ұсыныстарын бере білетін мұндай кеңестер азаматтық қоғамды дамытуға да ықпалын тигізіп келеді. Қазіргі таңда аудандық кеңестердің 21 отырысы өтіп, мемлекеттік мекемелерге 42 ұсыныс берілді. Фракция және кеңес мүшелері "Жол картасы" аясындағы нысандарға мониторинг жүргізуде. Жол картасының орындалуы жіті назарда.