«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында республиканың барлық аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция имиджін нығайту және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады.
Сонымен, он екі күн ішінде Алға ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары 242 құқық бұзушылық анықталды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша реформалар шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы негізгі буын болып табылатын полицейлерге негізгі рөл беріледі.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысу, әкімшілік учаскенің проблемалық мәселелерін зерделеу және түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау үшін барлық үй-жайлар мен ұйымдарды аралап шығады.