Қаланың дамуы өңірдің өрлеуін айқындайды

Қаланың дамуы өңірдің өрлеуін айқындайды

Қаланың дамуын тілге тиек еткенде үлкен өзгерістер ойға оралады. Пандемияға қарамастан аудан орталығында құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Экономиканың қай саласында да өрлеу бар. Әлеуметтік жүйеде де ізге түскен еңбек түлегенін көрсетіп отыр. Күн тәртібінде келе жатқан тұрғындардың өзекті мәселелері тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табуда. Нәтиже айтарлықтай. Сондай нәтижелі жұмыстардың бірі Алға қаласындағы тротуар құрылыстарының жүруі.

Атап айтсақ, Алға қаласының (мектеп Гимназиядан –Чапаев көшесіне дейін, Уалиханов көшесінен--​ 5 шағын​ ауданға дейін, Ленин көшесі, Сейфулина көшесі, ​ Байтұрсынов көшесі,​ 21 тұрғын үйден- 3 мектепке дейін, Оңалту​ орталығынан – Байтұрсынов көшесіне дейін) көшелеріне жалпы ұзындығы 3,129 км жаяу жүргіншілер жолағының (тротуар) құрылыс​ жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асырушы мердігер ​ -«Орхан Иншаат» ЖШС. Құрылыс жұмыстары маусым айында бастау алды.​ Жұмыстың жүргізілуіне қаражат аудандық бюджеттен бөлінген.

Бұл жұмыстар жыл өткен сайын жалғасын табуда. Келер жылы да атқарылар шаралар легі жетерлік. Жаңа жобалардың жаңалығымен бөлісетін күн де жақын.