Отбасы күні қарсаңындағы кездесу

Отбасы күні қарсаңындағы кездесу

Осыдан бірер ай бұрын ауылдық округтердегі​ әйелдер кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында​ аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ерғалиева Бақыт Қарағұлқызы​ алғашқы велосапарын​ Есет батыр елді мекенінен бастаған болатын. Жоспарлы кездесуін жалғастыру мақсатында​ Бақыт Қарағұлқызы​ кезекті велосапарын​ аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ақшолпан Әбдіхалыққызымен​ Отбасы күніне орай Бестамақ елді мекенінде​ жалғастырды. Ауыл тұрғындарымен кездесу сәтінде оларды Отбасы күнімен құттықтай отырып, отбасындағы береке-бірліктің бастауы аналар​ мен салауатты өмір салтының бірі-велосипедтің адам денсаулығына пайдасы туралы айта келіп, өмірдің мәні,өзін-өзі тану бағытындағы отбасы құндылықтарын айқындайтын тақырыптарда сұқбат жүргізіліп, ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына ие болды. Кездесу соңында​ ақын ағамыз Ізтай Мамбетұлының "Көктемір" дастанын​ 7 класс оқушылары Бахуадин Малика мен Амандық Аида жатқа оқып,​ ​ Ақшолпан Әбдіхалыққызы​ дастан кейіпкері Сапура жайлы керемет ақпаратпен бөлісті.​

Әңгімелесу барысында​ жаңадан ауыл әйелдері кеңесінің төрағасына​ белсенді, тарих пәнінің ұстазы Роза Маратқызы сайланды.