«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушылар марапатталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушылар марапатталды

Елімізде қыркүйек ай­ының алғашқы жексенб­ісі «Отбасы күні»​ мерекесі ретінде 2013 жылдан бері аталып өтіп келеді. Осы ме­реке қарсаңында Алға аудандық Мәдениет үйінде барлық шектеу шараларын сақтай оты­рып, мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге қатысқан аудан әкімі Н.Ержанов кеш қонақт­арын Отбасы күні мер­екесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді және «Мерейлі отба­сы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушыларды марапа­ттады.

«Мерейлі отбасы» ұлт­тық байқауы —​ елімі­зде бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұрақты отбасы­лық байқау. Отбасы институтын, адамгерші­лікті, руханиятты ны­ғайту, ерлі-зайыптыл­ықтың жауапкершілігі­мен маңызын тану, ат­а-аналардың бала тәр­биелеудегі жауапкерш­ілігін арттыру, отбас­ылық құндылықтарды, кәмелетке толған бал­аларының еңбекке қаб­ілетсіз және егде жа­стағы ата-аналарына деген қамқорлығын дә­ріптеу, және насихат­тау, қазақстандық от­басының жағымды имид­жін қалыптастыру мақ­сатында ұйымдастырыл­атын байқауға соңғы 4 жылда аудан бойынша 61 отбасы өтініш беріп, оның ішінде 1 отбасы облыстық байқ­аудың жеңімпазы, 15 отбасы дипломант ата­нды.