Мониторингтік топтар Алға ауданында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Мониторингтік топтар Алға ауданында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Алға қаласында Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлік нысандарына рейдтік жұмыстарын жүргізді. Аталған рейд барысында 18 нысан қамтылды. Мониторингтік топ жұмысы барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған 2 кәсіпкерлік нысан өкілдеріне (дүкен сатушыларына) ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы негізінде 30 АЕК (87510 тг.) көлемінде айыппұл салуға уәкілетті органға жолданды.
Сонымен қатар аталған рейдтік шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратындығын хабарлай отыра, аудандағы шағын және отра бизнес нысандарын және тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.