Ағымдағы жылдың 2 тамыз күні «Алға ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ -нің кезекті апталық рекруттік пункті Сарыхобда ауылында өткізілді. Жалпы ауыл тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының белсенді шаралары туралы оның ішінде жастар тәжіріибесі, алғашқы жұмыс орны,ұрпақтар келісім шарты және кәсіпкерлік негіздері бойынша 6 % пайыздық несие бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде: «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы арқылы – 8 жұмысшыны жұмысқа қабылдады. –1- азаматша бастау бизнес курсын оқуға , –1 азамат мемлекеттік грантқа қатысуға тіркеліп кетті. 1 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Сондай-ақ 1 азаматқа Ақтөбе-Қандағаш тас жолының күрделі жөндеу жұмысына орналасуға жолдама берілді.
Ауыл тұрғындарынан АӘК жәрдемақысы бойынша сұрақтар қойылып, толық ақпарат алды.