Шалғынды көбелектің (лат. Loxostege sticticalis) көп жейтін зиянкестерінің құрттарының кең таралуына байланысты химиялық өңдеу бойынша ұсыныстар.

Шалғынды көбелектің (лат. Loxostege sticticalis) көп жейтін зиянкестерінің құрттарының кең таралуына байланысты химиялық өңдеу бойынша ұсыныстар.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жауын-шашынның көп болуы және жоғары температура) облыстың кейбір аудандарында шалғынды көбелек (лат. Loxostege sticticalis) зиянкесінің жұлдызқұрттарының жаппай таралуы байқалуда.
Бұл зиянкестердің жаппай көбеюі шамамен 8 немесе 10 жылда бір рет болады.
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге, бюджет қаражаты есебінен өңделетін үйірлі (азиялық, мароккалық және итальяндық прус) және саяқ шегірткелерді қоспағанда, қарсы іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Осыған байланысты, шалғынды көбелек жұлдызқұрттары таралған барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жанаспалы-ішек инсектицидтерімен (зиянкестердің денесінің қаптамасы арқылы және олардың қоректенуі кезінде ас қорыту жолдары арқылы өту қабілеті) химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.
Бұл ретте зиянкестерге қарсы инсектицидті пайдаланған шаруашылықтарға препараттардың құнын 50% арзандату түрінде субсидиялау көзделген.

Инсектицидтерді сатып алу үшін улы химикаттарды сату бойынша Ақтөбе қаласының лицензияланған кәсіпорындарына жүгінуге болады:

- "Әлем Агро" ЖШС 8 702 714 50 40

- "Август Казахстан" ЖШС 8 747 779 84 35

Белсенді затқа байланысты инсектицидтің шығыны 1 гектарға 100-ден 250 граммға дейін өзгереді.

Пестицидтердің адам денсаулығы үшін қауіпті екенін ескере отырып, жазғы тұрғындар сөмкелік (бақша) шашыратқыштармен химиялық өңдеуді жүргізуі керек, яғни учаскелерді нүктелі түрде шашыратуы керек