Аудан әкімі Н. Ержанов Тоқмансай ауылдық округінің жаңа әкімін таныстырды

Аудан әкімі Н. Ержанов Тоқмансай ауылдық округінің жаңа әкімін таныстырды

25 шілде күні өткен сайлаудың қорытындысына сәйкес сайланған Тоқмансай ауылдық округінің жаңа әкімін аудан әкімі Н.Ержанов ауыл тұрғындарымен таныстырды.​

Алға аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылы 26 шілдесіндегі шешіміне сәйкес Алға ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 шілдесіндегі №186 өкімімен Кушкимбаев Шоқан Жоламанович​ Тоқмансай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Кушкимбаев Шокан Жоламанович – 1985 жылы​ 24 желтоқсанында Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тоқмансай ауылдық округі, Қайнар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім.
2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатик мамандығы бойынша және 2015 жылы​ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің информатик мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын​ 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-бағдарламашысы болып бастап, 2008 жылы​ ҚР Қарулы Күштер қатарында болған.​ 2009 жылы​ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-бағдарламашысы, 2013 жылы​ "Великая стена" ЖШС бағдарламашысы, 2015 жылы ​ Тоқмансай негізгі мектебінің информатика, физика пәндерінің мұғалімі, 2016 жылы ​ Тоқмансай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін "NSS LTD" ЖШС жоспарлау жөніндегі инженері қызметтерін атқарған.
Ауыл әкімін жаңа қызметке тағайындаған​ соң, аудан әкімі Н.Ержанов Тоқмансай ауылдық округінде 9 жыл ауыл әкімі қызметін атқарған Жалашев Нұрдәулет Көптілеуұлына ұзақ жылдар бойы еткен еңбегі үшін ризашылығын​ білдіріп, арнайы Алғыс хат пен​ естелік сыйлық​ табыстады. Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде өткен сайлауға дейін ауыл әкімі қызметін атқарған Нұрдәулет Көптілеуұлына ауыл тұрғындарының да​ айтар алғысы шексіз. Қандай кезең өтсе де ауыл тұрғындарымен бірге болып, ел басқарған азаматтың көпшілдігін, жауапкершілігін алға тартқан ауыл үлкендері ​ ​ ​ Нұрдәулет Көптілеуұлының​ алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.