Мониторингтік топтар Алға ауданында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Мониторингтік топтар Алға ауданында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында Алға қаласы және ауылдық округтерде шағын және орта бизнес өкілдерінің нысандарына мониторингтік топтардың рейдтік жұмыстары жүргізілді. Аталған рейд барысында 37 нысан қамтылды. Мониторингтік топ жұмысы барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған 17 кәсіпкерлік нысан өкілдеріне ауызша ескерту жасалды. 1 кәсіпкерлік нысан өкіліне (дүкен сатушысына) ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы негізінде 30 АЕК (87510 тг.) көлемінде айыппұл салуға уәкілетті органға жолданды.
Сонымен қатар, аталған рейдтік шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратындығын хабарлай отыра, аудандағы шағын және отра бизнес нысандарын және тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.