Аудан орталығында кезекті апта сайынғы азаматтарды қабылдау рекрутингтік пункті өткізілді

Аудан орталығында кезекті апта сайынғы азаматтарды қабылдау рекрутингтік пункті өткізілді

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні «Алға ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ -нің кезекті апталық рекруттік пункті аудан орталығындағы «Автостанция» аумағында болды. Тұрғындар арасында Enbek.kz сайты арқылы бос жұмыс орындарын іздеуге немесе жұмыс беруші ретінде жұмыс ұсынуға болатындығы туралы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлық бағыттар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рекрут нәтижесінде: «Әлеуметтік жұмыс орнына» - 5 адам жұмысқа жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам, «Жастар тәжірибесіне» 10 түлек жолданып, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.