Алға ауданының ауылдық округтері әкімдеріне сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Алға ауданының ауылдық округтері әкімдеріне сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Алға ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау екі сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Алға ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Алға аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Тоқмансай сайлау округі

Тоқмансай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді, олардың 701-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аппазов Д.Б. – 18; Жәнібеков Т.Қ. – 20; Көшкінбаев Ш.Ж. – 654.

Көшкінбаев Шоқан Жоламанұлы – 1985 жылы дүниеге келген, «НСС Лтд» ЖСШ-ның жұмысты жоспарлау инженері, Тоқмансай ауылдық округі Қайнар ауылының тұрғыны, «Ауыл» ХДП ұсынған, Тоқмансай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Үшқұдық сайлау округі

Үшқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 954 азамат енгізілді, олардың 864-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 18, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 22.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақдәулетов Б.Ә. – 729; Құрамысов Ә.Ә. – 69; Мырзалин Г.М. – 26.

Ақдәулетов Берік Әбдіғаппарұлы -1971 жылы дүниеге келген, Үшқұдық ауылдық округінің әкімі, Үшқұдық ауылдық округі Үшқұдық ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған, Үшқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Алға аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Алға ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Алға аудандық сайлау комиссиясы