Алға ауданының прокуратурасы 2020 жыл және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді жалға беру барысында заңдылықтың сақталуына және жалға алушылармен тұрғынжайды жалдау шартында көзделген жалға алу ақысын төлеу міндеттерінің орындалуына талдау жүргізді.
Талдау барысында коммуналдық тұрғын үйлерді жалға алғаны үшін мемлекеттік бюджетке 1,8 млн. теңгеден астам берешек төленбендігі анықталды.
Аталған және басқа орын алған заң бұзушылықтарды жою мақсатында аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Алға ауданының прокуратурасы