Облыс әкімінің орынбасары Алға ауданына жұмыс сапарымен келді

Облыс әкімінің орынбасары Алға ауданына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Алға ауданына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Ш.Бакбергенов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Алдияров жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Н.Ержановпен бірге бірнеше нысанның жұмысымен танысты. Атап айтсақ, «Актеп» ЖШС-нің суармалы сумен жабдықтау объектісін қайта жаңарту жұмыстарымен, «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің 4 корпусының және «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйді 5 корпусының құрылыстарымен, Алға қаласының көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, «Өңірлерді дамыту» бағдаламасының аясында жүзеге асатын «Алға-Жылу» КМК-нің орталық қазандықтың күрделі жөндеу жобасын қарады. Ағымдағы жылы Алға қаласында 5 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінген (Айымбаев көшесі 24 үй, Айымбаев көшесі 30 үй, Уалиханов көшесі 12 үй, Байтұрсынов көшесі 13 үй, Победа көшесі 10 үй). Қазіргі таңда жобаны ұйымдастырушы және іске асырушы мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ал, 1972 жылы іске қосылған Алға – Жылу» КМК Орталық жылыту қазандығының орталық жылу жүйесімен Алға қаласындағы 54 көп қабатты тұрғын үй мен 126 мекеме жылытылады. 2016-2017 жылдары «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 272,4 млн.тг қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп Viessmann Vitomax 200 M64A 2 қазандық орнатылған болатын. Биылғы жылы аталған орталық жылыту жүйесінің № 3 қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын бақылаған облыс әкімінің орынбасары жөндеу жұмысы жүргізілетін нысандарды назарға алу керектігін айтты