Өткен аптада Алға ауданына Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин, Зүлфия Сүлейменова, «Ақжол» партиясынан Дания Еспаева және облыстық мәслихат депутаттары келіп, Алға қаласында салынып жатқан жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. ⠀
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы негізінде Алға қаласынан ауданы 3,5 мың шаршы метр 3 бес қабатты 60 пәтерлі жалға беру-коммуналдық тұрғын үйлер салу көзделген болатын. Қазіргі уақытта 2 үй салынып жатыр.
⠀ Бірінші үйдің қабырғалары өткен жылы көтеріле бастады, оған республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстарына 67 адам тартылған.⠀
⠀Ал, қазіргі таңда екінші үйдің іргетасын қалау жұмыстары жүруде. Мұнда 35 адам жұмыс істейді. Құрылысшылардың барлығы нысанды тапсыру мерзімін сақтау жауапкершілігін жақсы түсінеді. Өйткені бұл үйлердің құрылысы халықтың әлеуметтік осал топтарынан 120 отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы, өзі жұмыс тобына мүшелік ететін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының Мәжіліс қабырғасында талқыланып жатқан контекстінде өзекті болып отыр. Атап айтқанда, заң жобасында ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген. Сондықтан, бұл нысан ерекше маңызды.