Бүгін Алға қаласының әкімі Н. Сурбаев тротуар плиталарын (брусчаткалар) шығаратын жаңа нысанды аралады

Бүгін Алға қаласының әкімі Н. Сурбаев тротуар плиталарын (брусчаткалар) шығаратын жаңа нысанды аралады

Бүгін Алға қаласының әкімі Н.Сурбаев жаңадан іске қосылған брусчатка өндіру цехына барып, жұмыстарымен танысты.  Әкімшілік тарапынан Елек көшесінде орналасқан бұрынғы Дейірмен ғимаратын іске қосу мақсатында, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, өз ісін бастаған жеке кәсіпкер Абиев Амир бірінші өнімдерінің түрлі ассортименттері мен сапасын көрсетті.Жергілікті бес азаматты жұмысқа қабылдады.Бұл цехта қалыңдығы 6 см құрайтын түрлі түсті брусчатка, поребриктер, блоктар және т. б. өнімдер жоспарда шығарулуы қарастырылған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер кәсібін кеңейту мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 10.0 млн тг. несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын екінші деңгейлік банкке тапсырып, қаражатын күтуде.