2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалу заңдылығына талдау

2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалу заңдылығына талдау

Аудан прокуратурасымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалу заңдылығына талдау жүргізілді.

Талдау барысында 8 жеке тұлғаға мемлекеттік бюджет есебінен заңсыз 1 млн. тенгеден астам сомасы аударылғандығы анықталды.

Аудан прокуратурасымен анықталған заң бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу мақсатында Алға ауданының әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі жолданды.

Алға ауданының прокуратурасы