Алға ауданының әкімі Н. Ержановтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы!

Алға ауданының әкімі Н. Ержановтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы!

Құрметті алғалықтар, қадірлі  Отан  қорғаушылар!

         Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

        7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тыныштығымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Бұл мереке егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, бүгінгі күні ел қорғап жүрген ұландарымыздың және болашақ ел қорғайтын ұрпақтардың мейрамы.

        Еліміз егемендік алған 30 жыл ішінде халқымыздың бейбіт аспан астында өмір сүріп, еңбек етуіне Сіздердің де қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар.

        Ерлік пен қайсар мінезді, кәсібилікті талап ететін жауапты қызметте Сіздерге сәттілік тілегім келеді! Аудан тұрғындарын осынау мерейлі мереке – Отан қорғаушы күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Алға ауданының әкімі   Н.Ержанов