Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 04 05 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 04 05 21

2021 жылғы 03-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 27 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 18 (Ақтөбе қаласы – 14, Әйтеке би ауданы – 1, Алға ауданы – 3), симптомсыз – 9 (Ақтөбе қаласы – 2, Алға ауданы – 5,  Ырғыз ауданы – 1, Ойыл ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 9516 жағдай тіркелді, оның ішінде 62,7%-ы ауру белгілерімен (5971) және 37,2%-ы симптомсыз (3545) жағдай. 7602 (79,8%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 7101 жағдай, оның ішінде (2251 симптомсыз), Әйтеке би – 44 (14), Алға – 354 (186), Байғанин – 98 (61), Ырғыз – 67 (44),  Қобда 120 (42), Қарғалы – 115 (70), Мәртөк – 252 (103), Мұғалжар – 376 (251), Темір – 324 (214), Ойыл – 193 (68), Хромтау – 287 (124), Шалқар ауданы – 185 (98). Жалпы  тіркелген  9516 науқастың 2% (193/0) сырттан әкелінген, 17,7% (1693/7) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,1% (7630/20) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 24,4% (1862/3) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 5172 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.