"Инватакси" - мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көлік

"Инватакси" - мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көлік

Алға ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Алға қаласында "Инватакси" қызметі ашылды. Инватакси қызметі тірек мүшесі зақымданған, мүгедек-балалар мен зағип жандар мүгедектерге ақысыз көліктік қызметтер көрсететін болады.
Қызмет алушылардан келесі құжаттарды тапсыру сұралады:
1) жеке куәлік (көшірме), туу туралы куәлік (көшірме);
2) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрі қызметін бұйрығымен бекітілген 026/у формасы бойынша медициналық мекеме қорытындысы (түпнұсқа);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Ережелеріне сәйкес мүгедектік туралы анықтама (көшірме);
Мекен-жайы Алға қаласы Байтұрсынов көшесі 15 үй.
Диспчетчер телефоны: 8-708-709-16-93, 8-778-676-99-39