Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде аудан әкімі Н.Ержанов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдауға барлығы 10 тұрғын қатысты, онда 11 мәселе қаралды. Аудан тұрғындарын жұмысқа қатысты, жер телімін беру, тұрғын үй мәселелері толғандырды.
Тұрғындардың мәселелерін шешу үшін қабылдауға жауапты бөлім басшылары шақырылды. Барлығына заң аясында жауаптар беріліп, 1 сұрақ бақылауға алынды.
Карантиндік шараларды ескере отырып, қабылдау барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылды.