Орманды өрттен сақтаныз!

Орманды өрттен сақтаныз!

Оттың кездейсоқ тұтануы және орманда табиғи өртке ауысуын болдырмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

- жанып жатқан сіріңкені немесе сөндірілмеген темекіні жерге тастамау;

- өрт қауіпті кезеңде от жақпау;

- орманда қоқыс өртемеу;

- орманда қоқысты, әсіресе жанғыш материалдарды қалдырмау;

- орманда шыны бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдырмау.

Және келесі ережелерді орындау керек:

- отты тек арнайы бөлінген орындарда ғана жағу;

- егер мұндай орындар болмаса, от жағатын орынды өз бетімен шөптен, жапырақтардан және бұтақтардан топыраққа дейін тазалап дайындау;

- кетер алдында от толық сөндірілуі тиіс;

- оттың өртке ауысу қаупі болған жағдайда, жану ошағын судың көмегімен сөндіріңіз немесе оны топырақпен көміп тастаңыз.

 Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі