Алға аудандық прокуратурасы 2020 жылдың өткен мезгілінде аудан бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуына талдау жұмыстарын жүргізді.
Талдау барысында «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ-мен заң талаптары сақталмай, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Аудан прокуратурасымен аталған заң бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу мақсатында аудан әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі жолданды.
Алға ауданының прокуратурасы