Алға аудандық прокуратурасы 2020 жылдың өткен мезгілінде аудан бойынша қала, ауылдық округі әкімдері аппараттарында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуына талдау жұмыстарын жүргізді.
Талдау барысында аудан аумағындағы ауылдық окугтерінің әкімдіктерімен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының өрескел бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Аудан прокуратурасымен анықталған заң бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу мақсатында Алға ауданының әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі жолданды.
Алға ауданының прокуратурасы