«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

Тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғау нысанының бір түрі. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес әр адам тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап 8 жұмыс күн аралығында беріледі. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аударылады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы толық ақпаратты Алға қ., А.Байтұрсынов к-сі 20 «Әкімдік азаматтар үшін» ғимаратында орналасқан аудандық жұмыспен қамту бөлімінде (107 кабинет) немесе  871337 41206 сенім телефоны арқылы алуға болады