Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.

Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Алға ауданының әкімі болып Нұрбол Ержанов тағайындалды.
Нұрбол Ержанов Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының, М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2008 жылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС-ің менеджері болып бастаған. Әр түрлі жылдары жеке кәсіпорындарда түрлі басшылық лауазымдарда болды, Астана қаласы көлік прокурорының көмекшісі, «Новая Эра» ЖШС директоры, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында бас маман, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі болды.
2018 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.