2021 жылдың 19 ақпан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алға өңірінен шыққан белгілі тұлғалар мен жастар арасында еркін форматтағы сұхбат мақсатында "Қос Аққу" Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, N4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің еркін күрес жаттықтырушысы, еркін күрес, грэпплинг және бразилиялық джиу-джитсу күресінен шеберлер арасындағы тоғыз дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті Спорт Қызметкері Мырза Қуаныш Қазтұрғанұлы мен жастар арасында кездесу ұйымдастырылды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген іс шарадан кейін ардагер спортшы Алға БЖСМ еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушілерімен шеберлік сағатын көрсетті.