"Ауғанстан соғысы ұмытылмайды"  атты кездесу  кеші

"Ауғанстан соғысы ұмытылмайды"  атты кездесу  кеші

Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32жыл толуына орай орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен    "Ауғанстан соғысы ұмытылмайды"  атты кездесу  кеші.Кешке ауған соғысының  ардагерлері, тұрақты оқырмандар қатысты. Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Кеңес сарбаздарының Ауған жерінен қайтып оралғандарына 32жыл өтті. Жас жеткіншектер соғыс  майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын- қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаһармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз  атағына лайық бола білді.  Ауған соғысы ардагерлері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашизмді жеңген қаһарман ата -бабаларымыздың ерен ерлігін екінші мәрте қайталады.