Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 02 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 02 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

15.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 4 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 1 (Ақтөбе қаласы – 1),  симптомсыз – 3 (Ақтөбе ауданы – 3). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4102 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,6%-ы ауру белгілерімен (2076) және 49,3%-ы симптомсыз (2026) жағдай. 3902 (95,1%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2915 жағдай, оның ішінде (1269 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 110 (81), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 53 (38),  Қобда 19 (13), Қарғалы – 63 (40), Мәртөк – 161 (71), Мұғалжар – 204 (150), Темір – 196 (162), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 145 (72), Шалқар ауданы – 135 (70).

Жалпы  тіркелген  4102  науқастың 3,5% (146) сырттан әкелінген, 15,8% (651) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,5% (3305) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26,5% (1088) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 758  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.