
Алға қаласында тұрғын үй қорының техникалық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Осы бағытта Ш. Уәлиханов көшесі, №19А мекенжайында орналасқан 100 пәтерлі көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
6 кіреберістен тұратын тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар барысында ғимараттың негізгі инженерлік жүйелері жаңартылып, жылу, ауыз сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар барлық кіреберістер жөнделіп, сыртқы есіктер ауыстырылды. Шатыр жабындысы жаңартылып, кіреберістердің ішкі қабырғалары сырланып, әктеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үйдің техникалық жағдайын жақсартуға, қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік берді.