
Аудан әкімдігінде өткен жиынға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиев, бөлім және мекеме басшылары, Аналар кеңесінің өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.
Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Кангужин күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, осыған дейін «Қазақ тілі» қоғамының Алға аудандық филиалына жетекшілік еткен Рахметолла Жұбаналинге атқарған нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға филиалдың жаңа төрағасы кандидатурасын дауысқа салуды ұсынды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша қатысушылардың бірауыздан дауыс беруі нәтижесінде «Қазақ тілі» қоғамының Алға аудандық филиалының төрағасы болып Назерке Қуанарқызы Бөлекеева сайланды.
Назерке Қуанарқызының білім беру саласында 16 жылдық еңбек өтілі бар. Ол №1 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Жиын барысында облыстық филиал төрағасы Роман Рахиев мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы алдағы міндеттерге тоқталды.
Отырыс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін білдірді.