«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі»

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі»

Алға аудандық мәдениет үйінде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Шараға 400-ге жуық оқушы, Алға ауданы әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Дабылбек Құдайбергенов пен бөлім мамандары, сондай-ақ Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрбол Ибраев, оның орынбасары, полиция подполковнигі Асылан Шотанов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жиын барысында жасөспірімдер қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану, жол жүру және қоғамдық қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ жастардың құқықтары мен міндеттері сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Ашық диалог форматында өткен шарада оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.

Бұндай кездесулер жастардың жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз орта өркендетуге үлкен ықпал етеді.