«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Ақай ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Ақай ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясын жергілікті жерде іске асыру, сондай-ақ «Айқын нәтиже» жобасы шеңберінде Алға ауданының Ақай ауылы тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б. Кангужин, аудан прокурорының орынбасары А. Тамабаев, аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі бастығының міндетін атқарушы Д. Нұрлыбайұлы және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – ауылдағы криминогендік ахуалды төмендету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтық пен ұрлықтың, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту болды.

Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысу ұсынылды. Атап айтқанда, полицияға қолдау көрсететін «Сақшы» ерікті топтарын құру, ауылдық округ әкімдігі мен демеушілердің қатысуымен бейнебақылау жүйесін орнату, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту бастамасын қолдау мәселелері көтерілді.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу жоспарланды.