Алға ауданының әкімі мердігер ұйымдардың басшыларымен құрылыс жұмыстарының барысын талқылады

Алға ауданының әкімі мердігер ұйымдардың басшыларымен құрылыс жұмыстарының барысын талқылады

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев ауданда жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарына жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында ауданда іске асырылып жатқан құрылыс жобаларының орындалу барысы, жұмыстардың сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы, сондай-ақ құрылыс процесінде туындаған өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.

Аудан әкімі әрбір нысанның тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталып, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы басты талап екенін атап өтті. Сонымен қатар мердігер ұйымдардың басшыларына құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, құрылыс материалдарының сапасына тұрақты бақылау жасауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Жиын барысында мердігер ұйымдардың өкілдері әрбір нысан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, құрылыс кезеңдерінің орындалуы мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ жобаларды іске асыру барысында туындаған бірқатар мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Асланбек Шүйіншәлиев жауапты бөлім басшылары мен техникалық қадағалау мамандарына құрылыс жұмыстарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуді, анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюды және әрбір жобаның сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кездесу қорытындысында барлық құрылыс нысандарының белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі және орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады