Алғалықтар «Мәңгілік алау» алаңына гүл шоқтарын қойды

Алғалықтар «Мәңгілік алау» алаңына гүл шоқтарын қойды

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Алға қаласындағы «Мәңгілік алау» алаңында гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

Тағылымды шара соғыс құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Сансызбай Мұқанов, аудандық мәслихат төрағасы Марат Төлеуов, құқық қорғау органдарының өкілдері, Ауған соғысы және Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Әжелер алқасы, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Ұлы Жеңіс – ел тарихындағы өшпес ерлік пен батырлықтың символы. Майдангерлердің жанқиярлығы мен отансүйгіштігі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.