Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

Құрметті Алға ауданының тұрғындары, қадірлі ер-азаматтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген азаматтардың ерлігі мен жауапкершілігін айшықтайтын ерекше күн. Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы, ал ел игілігі үшін аянбай еңбек ету – үлкен абырой.

Бұл күн бізді бірлікке, отансүйгіштікке және елге деген адалдыққа үндейді. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы – бәрімізге ортақ қастерлі құндылық.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың мерейі үстем бола берсін!