
Ардақты ақтөбелік азаматтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығы мен Тәуелсіздіктің тұғырын күзетіп тұрған азаматтарға көрсетілер құрмет күні. Халқымыз қашанда ел шетіне жау тисе, бір тудың астына жиналған ерлерін қадірлеген. Батырлық пен намыс – ұлт рухының өзегі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып, бір тудың астынан табылған.
Бүгінде Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жолында әскери қызметшілер, арнаулы құрылымдар мен құқық қорғау саласының қызметкерлері абыройлы еңбек етіп келеді. Олар қай кезде де сертке адалдықтың, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүр.
Ақтөбе өңірінде де Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтар аз емес. Әскер сапына аттанып жатқан жастарымыз — елге деген адалдықтың, туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі. Атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің үзілмеді.
Есет батыр бабамыз өсиет еткендей, «Ердің туы – намыс». Ел қорғауда намыстарыңыз әрдайым биік тұрып, рухтарыңыз мұқалмасын!
Мемлекетіміздің қуаты — береке мен бірлікте, ал ел қорғаны болатын азаматтардың айбыны — халқымыздың сенімінде. Сондықтан Отанға адал қызмет ету, заң мен тәртіпті сақтау — бәрімізге ортақ қасиетті міндет.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Көк туымыз әрдайым асқақ желбіресін!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!