В районном акимате прошло праздничное мероприятие ко Дню защитника Отечества

В районном акимате прошло праздничное мероприятие ко Дню защитника Отечества

Алға аудандық әкімдігінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Сансызбай Мұқанов құттықтау сөзімен ашып, Отан алдындағы қызметін адал атқарып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Өз сөзінде ол бұл мерекенің елге деген сүйіспеншілік, ерлік пен патриотизмнің жарқын символы екенін атап өтті. Сондай-ақ елдің бейбітшілігі, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс айтты.

Іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген учаскелік полиция инспекторы Ілияс Отаралин, әскери борышын абыроймен өтеп келген сарбаздар Ерасыл Жарылқасын мен Елбол Камза, қорғаныс істері бөлімінің қызметкері Халидулла Мендигалиев, медицина саласының маманы Айбар Алтынбек және жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеп жүрген педагог Ермек Шавилов аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жиын аясында қатысушылар Отан қорғаушылардың ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы тарихи рөлін ерекше ықыласпен еске алды. Патриотизм, әскери антқа адалдық және Отанға деген сүйіспеншілік қоғамды біріктіретін басты құндылықтар екені айтылды.

Салтанатты кеш мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары патриоттық және халық әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуға, әскери қызметке деген құрметті арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.