Алға ауданында халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы құрметтелді

Алға ауданында халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы құрметтелді

Аудан басшысы Асланбек Шүйіншәлиев Астана қаласында өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы Халықаралық ғылыми жобалар конкурсында І орын иеленген №4 Алға орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Нұртілек Абайұлы Ақжігітовті, пән мұғалімі Назгүл Арғымбекқызы Ибраеваны және анасы Салия Орынбасарқызы Атраубаеваны қабылдап, халықаралық білім додасындағы жарқын жетістіктерімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімі Нұртілектің ғылым жолындағы ізденісі мен табандылығын ерекше атап өтіп, мұндай жеңістер аудан жастарына үлкен үлгі екенін жеткізді. Сондай-ақ, жас талапкердің білім мен ғылымға деген құштарлығы болашақта ел дамуына өз үлесін қосатын білікті маман болып қалыптасуына берік негіз болатынын айтты.

Сонымен қатар, аудан басшысы дарынды шәкіртке, оның ұстазына және ата-анасына Алғыс хат табыстап, Нұртілекке естелік сыйлық ұсынды.

Сөз кезегінде анасы Салия Орынбасарқызы мен Нұртілек Абайұлы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жеткізді.