Алға ауданы әкімінің жүлдесі үшін футболдан жастар арасындағы облыстық турнир өз мәресіне жетті

Алға ауданы әкімінің жүлдесі үшін футболдан жастар арасындағы облыстық турнир өз мәресіне жетті

Додаға облыстың 8 командасы қатысты: Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау аудандары және Алға ауданының «Алға Жас», «Алға ауылдары», «Батыс Алға» құрамалары.

Турнирдің қорытындысы бойынша
ІІІ орын – Әйтеке би ауданы құрамасы 200 000 теңге қаржылай сертификат.

ІІ орын – Хромтау ауданы құрамасы 300 000 теңге қаржылай сертификат.

І орын – Алға ауданының «Алға Жас» құрама командасы чемпиондар кубогы және 500 000 теңге қаржылай сертификатқа ие болды.

Сонымен қатар, үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы және үздік ойыншы арнайы марапатталды.

Барлық командаларды жеңістерімен шын жүректен құттықтап алғысымызды білдіреміз!