
Алға ауданында жастар арасындағы футболдан облыстық турнирдің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараға Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев пен Ақтөбе облыстық футбол федерациясының президенті Асхат Қалжанов қатысты. Олар спортшыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамытудағы жарыстың маңыздылығын атап өтті.
Спорттық додаға өңірдің түкпір-түкпірінен келген үздік командалар жиналды. Жалпы, жарыста 8 команда бақ сынап, өзара мықтыны анықтайтын болады.
Турнирдің басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, футбол спортын жандандыру және жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Жарыс барысында тартысты әрі қызықты ойындар күтілуде. Барлық қатысушыларға жеңіс тілейміз!