Алға ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді

Алға ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді

Жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алға ауданы аумағында қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және елді мекендерді абаттандыру мақсатында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған игі бастамаға Алға ауданының әкімі Асланбек Шуиншалиев қатысты. Көшет отырғызу жұмыстары Алға қаласындағы салынып жатқан «Тәуелсіздік» саябағы мен «Шәкен Ишан» мемориалдық кешенінің аумағында жүргізілді.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ұйым қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қоғам өкілдері, сондай-ақ «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары белсенді қатысты.

Экологиялық акция барысында бірқатар ағаш көшеттері отырғызылып, бұл аудан аумағын көгалдандыруға, қолайлы экологиялық ортаны қалыптастыруға және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты.

Аталған бастама табиғатты аялаудың жарқын үлгісі болып, тұрғындардың, әсіресе жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.

Алға ауданында аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Осыған байланысты аудан тұрғындарын экологиялық акцияларға белсенді қатысуға және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.