Ақтөбе облысында барлық аудандық және ауылдық округтерде арнайы «Құқық кабинеттері» ашылды.

Ақтөбе облысында барлық аудандық және ауылдық округтерде арнайы «Құқық кабинеттері» ашылды.

Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету мақсатында барлық аудандык және ауылдық округтерде арнайы «Құқық кабинеттер» ашылып, жүйелі түрде жұмыс істеуде екенін хабарлаймыз. 

Аталған құқық кабинеттерінің негізгі міндеті – азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, олардың заңды сұрақтарына жауап ұсыну, құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру болып табылады.

Ерекше атап өту қажет, «Құқық кабинеті» бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде және аудан әкімдіктері жанында белсенді жұмыс атқарып, шалғай елді мекен тұрғындары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуде.

Аталған жоспарды орындау мақсатында Департамент жергілікті атқарушы органдармен (аудандық әкімдіктермен) «Құқық кабинетін» ашу мәселесі бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері, халықтың құқықтық сауаттылығын және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша аудандарда – 12 және ауылдық жерлерде (шалғайда) – 125 «Құқық кабинеті» ашылғанын хабарлаймыз.

Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, "Ашық НҚА" порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен жабдықталған.