«Таза Қазақстан»: Орталық саябақта ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Орталық саябақта ауқымды сенбілік өтті

Елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығындағы саябақта кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі шараға 600-ге жуық адам — мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысты. Тазалық жұмыстарын үйлестіруге 10 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағы тұрмыстық қалдықтардан толық тазартылып, ағаштар бұталып, жасыл желектер ретке келтірілді.

Аталған іс-шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы демалыс ортасын қалыптастыруға бағытталған. Айта кетейік, өңірді абаттандыруға бағытталған мұндай тазалық жұмыстары жаз мезгілі бойы тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.