Облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар бойынша жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді

Облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар бойынша жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді

Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы өртке байланысты жағдай қаралды.

Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және өзге де басқарма басшылары қазіргі ахуал жөнінде баяндады.

Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылды.

«Әкімдік - жай ғана ғимарат емес, бұл өңірдің тұтастай басқару жүйесін жүзеге асыратын нысан. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін маңызды шешімдер қабылданады. Бүгін біз төтенше жағдаймен бетпе-бет келдік, алайда ең бастысы - қызметкерлердің қауіпсіздігі біздің басты назарымызда. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс жүргізіп жатыр. Біз әкімдік жұмысының қысқа мерзімде қалпына келуін қамтамасыз етіп, жағдайды жою барысы туралы тұрғындарға толық ақпарат береміз», - деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі әкімдік аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, салдары толық жойылғанға дейін өрт сөндіру және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандарды тарта отырып жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.