
Бүгін аудан әкімдігі мен «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ мамандарының қатысуымен Алға қаласындағы «Ана мен бала» саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Саябақ аумағына 10 қарағай, 10 аққайың және 10 үйеңкі көшеті отырғызылды. Бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы демалыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Алдағы уақытта да аудан көлемінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.