
Алға ауданына қарасты Қарақұдық ауылдық округінің Көктоғай ауылында 21 наурыз – Ынтымақ күніне орай Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, ауыл тұрғындарын Әз Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Өз сөзінде ол бұл мерекенің бірлік пен татулықты нығайтатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн екенін атап өтті.
Шара барысында ауыл және аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Мереке аясында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, ауыл тұрғындарына мазмұнды әрі тағылымы мол бағдарлама ұсынылды.
Аталған іс-шара ауыл халқының ауызбіршілігін нығайтып, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды мерекеге айналды.