
Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні – халқымыздың тарихи мұрасын, рухани құндылықтарын және салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күн.
Ұлттық спорт – бұл тек жарыс емес, ол ұлттың мінезін, ерік-жігерін, төзімділігін танытатын тәрбие мектебі. Қазақ халқының көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тарту секілді ұлттық ойындары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра.
Бұл күннің басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, жастардың қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ұлттық спорт – ел рухының айнасы, ұрпақ сабақтастығының белгісі.