Тоқмансай ауылында 260 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Тоқмансай ауылында 260 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Наурызнама онкүндігі аясында Алға ауданына қарасты Тоқмансай ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер, “Ақтілек” шаруа қожалығының басшысы Асланбек Мукашев игі іс ұйымдастырды.

Ол Тоқмансай ауылында тұратын 260 отбасыға арнайы азық-түлік себеттерін таратып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық шарасы ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіп қана қоймай, Наурыз мерекесінің ізгілік пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.