
Құрметті алғалықтар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 Наурыз - игі істер мен өзара қолдау және түсіністік үшін бір бірімізге алғыс айтып, ризашылық білдіретін ерекше күн.
Биыл біз ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басамыз, сондықтан біздің бірлігіміз - болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретін берік іргетас.
Ынтымақ пен өзара құрмет елдігі тұрақтылықты сақтауға және алға
ілгерілеуге көмектеседі. Осынау асыл құндылықтар алдағы уақытта да барымызды біріктіріп, ортақ мақсаттарға жетуге, келісімді нығайтуға және жасампаз істерге бастай берсін!
Сіздерге және жақындарынызға мықты денсаулық, амандық, баянды бақыт тілеймін.
Әр шаңырақта ырыс, құт пен бақ-береке орнасын!
Мереке құтты болсын!